Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы еліміздің ұзақ мерзімді «2014-2020 жылдарға дейінгі даму Тұжырымдамасына» сәйкес Жамбыл өңірінің тұрғындарына кітапхананы заманауи, ыңғайлы форматта барша қолжетімді болатын ауқымды, көпфункционалды, ақпараттық интеллект-орталығы ретінде таныту, рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, білімді оқырман тәрбиелеу, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, тең мүмкіндікті қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қол жетімділікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету, жастарды ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу, талғампаз оқырмандардың тағылымды талаптарын толыққанды жауаптармен қамтамасыз ету, кітапхана қызметіндегі қолданылатын әлеуметтік технология жүйесінің әлеуметтік серіктестік, Паблик рилейшнз, Фандрайзинг бағыттарындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында өз қызметін іске асырады.
Кітапхана Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларының бірегей статистикалық базасы. Барлық статистикалық мәліметтер:
- ҚР Ұлттық кітапханаға және Ұлттық академиялық кітапханасына;
- Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына;
- облыстық статистикалық басқармасына тапсырылады.
Кітапхананың бүгінгі таңда жұмыс жасап жатқан жобалары:
- «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды цифрландыру» жобасы.
- «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» жобасы.
- «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар» жобасы.
- «Шоқан асулары» жобасы.
Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласына орай, жергілікті ақын-жазушылармен авторлық келісімшартқа тұрып, шығармалары цифрландырылуда. Бүгінгі күні 25 жергілікті ақын-жазушылармен авторлық келісімшартқа тұрып, 46 дана шығармаларының электрондық көшірмелері кітапхананың сайтына орналастырылды.
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан корпоративтік каталогтану орталығымен бірлесіп жұмыс істеуде.
Кітапхана ұзақ мерзімді мақсатты кітапханалық бағдарламалар аясында жұмыс жасайды:
- «Бабалар ісі өнеге, сөзі өсиет»
- «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық»
- «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер»
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы негізгі үш бағытта жұмыс жасауда:
- 1 бағыт – әлеуметтік серіктестік;
- 2 бағыт – Фандрайзинг бағыты;
- 3 бағыт – «Паблик рилейшнз» бағыты.
1 бағыт: Кітапхана өз қызметінде әлеуметтік технология жүйесін тиімді қолданып келеді. Осы жүйені іске асырудың негізгі бағыты - әлеуметтік серіктестік. Кітапхана үкімет органдарымен, Тараз қаласының оқу мекемелерімен, мәдениет мекемелері, түрлі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этно-мәдени орталықтар, Тараз қаласының «Поколение» азаматтық қозғалысы, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігі, «Жастар орталығы» жастар бірлестіктері, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу» орталығы және басқа да құрылымдармен серіктестік және келісімдік тұрақты қарым-қатынас орнатқан. Кітапханада өтетін ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық зерттеулер және тағы басқа іс-шараларды ұйымдастыру барысында кітапхана өңірдің белгілі ғалымдары мен зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Өңір деңгейінде әмбебап ғылыми кітапханалар республика, облыс, аудан, қала көлемінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесін үйлестіру міндеттерін атқарып, оқырмандар қызметіне, басқа кітапханаларға да жетекшілік қызмет көрсетеді. Әмбебап ғылыми кітапханалар өз жұмыстарын арнаулы кітапханаларды алмастыру үшін емес, олардың қызметін атқаратын орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасын жасауға бағыттайды.
Сонымен бірге дәстүрлі облыстық семинар тренингтер ұйымдастырады. Атап айтсақ: 2013ж. Шу ауданында «Кітапханалық электрондық орта: ақпараттық ресурстарды қалыптастырудың жаңа жолдары», 2014ж. Мойынқұм «Облыс кітапханалары және олардың инновациялары», 2015ж. Сарысу «Кітапхана қорларын цифрландыру: дәстүрлі және электронды ресурстар, қалыптастыру және пайдалану» тақырыптарында облыстық тәжірибелік семинар-тренингтер өтті.
«Кітапхана тың ойлар мен жаңа технологиялардың ортасы» шеберлік сыныбы және «Жас кітапханашылар» мектебіндегі «Оқимыз. Тыңдаймыз. Көреміз» сабақтары жүйелі түрде жүргізіледі.
Кітапхана қала мен облыстың кітапханалық мекемелеріне білім беру шараларын өткізуге және оқу бағдарламаларын әзірлеуге ғылыми-әдістемелік, консультативтік көмек көрсетеді. Осы мақсатта кітапхана жылына орта есеппен 20-25 дана брошюралар, әдістемелік және библиографиялық құралдар шығарады.
2 бағыт: Кітапханада әлеуметтік қолдану технологиясын іске асырудың келесі бір жұмысы – Фандрайзинг технологиясын қолдану, яғни материалды-техникалық қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаражатты демеушілер мен сый берушілерді тарту. Кітапханада «Түрік ақпараттық орталығы» ашылып, орталық 200 басылыммен қамтылды. «Америка мәдени бұрышы» ақпараттық-қор орталығы ашылып, жұмыс істеп жатыр. Осы бұрыштың ашылуына байланысты Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі кітапханаға арнайы өтем ақысыз принтер, картридж, кабель, проектор, үш аяқты экран, моноблок, сандық камера құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар Америка елшілігі кітапхананың кітап қорына 500-ден аса дана басылым тарту етті. Олардың ішінде ағылшын тілін үйренушілерге арналған оқулықтар, әдістеме құралдар, аударма және түсіндірме сөздіктер, анықтамалықтар және түрлі бейнефильмдер мен танымдық ойындар.
Сонымен қатар, кітапхананың жарнамалық көрнекіліктерін жасауға «Рамерс» ЖШС демеушілік көмекті жүйелі түрде көрсетеді.
3 бағыт: Кітапханада әлеуметтік технологияны пайдалану жүйесінің үшінші бағыты - «Паблик рилейшнз» арқылы кітапхана өз қызметіне деген сұранысты қалыптастыруға, БАҚ арқылы тілектес қоғамдық пікір, облыстық кітапханалар жүйесінің жағымды имиджін қалыптастыру. Кітапхана жұмысы мен кітап қорын өз оқырмандарына насихаттау барысында өткізілген мәдени іс-шаралар жайында мақалалар жергілікті БАҚ беттерінде жарияланады. Екі жыл ішінде 20 данаға жуық мақалалар мен жергілікті «Қазақстан-Тараз» телеарнасында көрсетілген түрлі бағдарламаларға қатыстық.
Бұқаралық ақпарат құралдары:
- «Егемен Қазақстан» газеті;
- «Ақ жол» газеті;
- «Знамя труда» газеті;
- «Ар-Ай» газеті;
«Жамбыл-Тараз» газеті.