Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Пайдалану-шылардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Пайдаланушылар:

4.1.1. Каталогтар жүйесі немесе басқа да ақпараттандыру көздері арқылы кітапхана қорының құрамы жайлы ақысыз түрден толық мәлімет алуға.

4.1.2. Ақпарат көздерін таңдау және іздеу кезінде ақысыз түрде кеңес алуға. 

4.1.3. Пайдаланушылар үшін арнайы қойылған кітапханалық компьютерлерді, оларды пайдалану ережесін сақтау шартын орындаған жағдайда, пайдалануға.

4.1.4. қолжетіділік шарттарына сәйкес оқу залы секторы кітап қорындағы құжаттарды пайдалануға, жалпы кітапхана қорындағы басылымдарды уақытша пайдалануға алуға.

4.1.5. Кітапхана әкімшілігінің келісімі бойынша:

- оқу залдарында дыбыс сигналдары жоқ автономды қоректендірілетін техникалық құрылғыларды (персоналды компьютер, ноутбук, диктофон, есеп машинасы, дыбыс плейер, фотоаппарат) пайдалануға;

- оқу залдарына баспа түпнұсқаларын, диссертация, контурлы карталар, суреттер, әдістемелік оқу құралдарын алып кіруге.

4.1.6. Алынған басылымдардың және басқа да түрлі құжаттардың мерзімін ұзартуға.

4.1.7. Кітапхана қорындағы әдебиеттер мен құжаттардың көшірме нұсқаларын құжаттарды электронды тасымалдау қызмет арқылы алдыруға.

4.1.8. Кітапхананың басқа да, соның ішінде ақылы қызметтерін пайдалануға.

4.1.9. Кітапханада өтетін ақпараттық көпшілік іс-шараларға қатысуға.

4.1.10. Кітапхана қызметі туралы өз ойларын білдіріп, орта салуға, оның жұмыс жақсартуға бағытталған ұсыныстар жасауға құқылы.

 
4.2. Пайдаланушы:

4.2.1. Кітапханаға сыртқы киіммен, ішімдік ішкен күйде, шаншып-кесетін заттар, газ баллончиктер, үлкен сөмкелермен кіруге тыйым салатын кітапхана Ережелерін сақтауға.

4.2.2. Кітапханада басқа да пайдаланушылар мен қызмет көрсетуге кедергі келтірмеу мақсатында этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауға.

4.2.3. Компьютермен жұмыс жасаған кезде оның параметрлерін өзгертіп немесе жаңа бағдарламалар қондырып, лицензияланбаған басылымдарды көріп, кітапхана әкімшілігінің рұқсатынсыз кітап қорындағы құжаттардың электронды көшірмелерін жасап, оларды сканерлеп,  фото немесе бейнетүсірілім жасап,  қайта жаздыру жұмыстарын жүргізуге, кітапхананың электр жүйесіне ноутбук, фотоқұралдар, мобильді байланыс құрылғыларын қосуға  тыйым салатын ережелерді сақтауға.

4.2.4. Қызметтік бөлімшелерге кіруге, қызметтік байланыс құрылғыларын рұқсатсыз пайдалануға тыйым салатын ережелерін сақтауға. 

4.2.5. Кітапхана ғимаратының ішінде темекі шекпей, тазалықты сақтауға.

4.2.6.Төтенше жағдай (өрт шығу, авария, террористтік акт және т.б.) кезінде кітапхана қызметкерлерінің талаптарын қатаң түрде орындауға.

4.2.7. Кітапхананың кітап қорынан алған кітаптар мен басқа да құжаттарға мұқият қарап (сызбай, парақтарын жыртпай, бүкпей), оларды дер кезінде қайтаруға. Есеп құжаттарында тіркелмеген басылымдарды кітапхана сыртына шығармауға.

4.2.8.Құртылған немесе жоғалтқан басылымның орнына тап сондай немесе   кітапханашылар тарапынан  сонымен бірдей деп танылған  әдебиетпен ауыстыру. Ондай басылым табылмаған жағдайда оның нарықтық құнын төлеуге міндетті.

Яндекс.Метрика