Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жалпы ереже

1.1. Ш.Уәлиханов атындағы ОӘҒК қолдану ережесі Қазақстан Республикасының «Мәдениет» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының  «Тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен сақтау туралы Заңы», «Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы, 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген мәдениет саласының даму бағдарламасы, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының даму бағдарламасы, 2017-2025 жылдарға арналған Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының даму бағдарламасы.

1.2.  Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.

1.3.  Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекет қарауында болып табылады.

Яндекс.Метрика