Виртуальды анықтамалық қызмет (ВАҚ) Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының онлайндық қызметі болып табылады және пайдаланушылардың ақпараттық тапсырыстарын Интернет көмегімен орындайды. Сіздердің сұрақтарыңызға кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері жауап береді. Жауаптар кітапхананың ақпараттық ресурстары мен Интернет желісін пайдалану арқылы дайындалады. Сұрақтар күн сайын қабылданады және оған түсу ретіне қарай жауап беріледі. Сіздер қазақ және орыс тілдерінде жаза аласыздар. Тапсырыстың орындалу мерзімі -тақырыптың күрделілігіне байланысты 2-3 жұмыс күні.
Сіздер қандай мәліметтер ала аласыздар?
Виртуальды анықтамалық қызмет Сізге кітапхананың қорында нақты бір басылымның бары туралы мәлімет, керекті тақырып бойынша әдебиеттердің тізімін (10 аталымнан артық емес), құжаттардың кәсіптік деңгейде құрастырылған библиографиялық сипаттамасын алуға көмектеседі. Сонымен бірге, нақты бір факт немесе оқиға бойынша қысқаша түрде мәлімет бере аламыз.
Сұраққа берілген жауаптарда:
- әдебиеттердің библиографиялық тізімі (10 аталымнан көп емес);
- сұралған құжаттың толық библиографиялық сипаттамасы;
- құжаттың кітапхана қорында бары туралы мәлімет.
Фактографиялық сұраққа берілген жауапта Сізге оның қандай дереккөзден алынғаны туралы қажетті мәлімет көрсетіледі.
Шектеулер
Коммерциялық (сату және сатып алу) және ойын-сауық (кроссвордтар шешу, викторина сұрақтарына жауап, интеллектуальдық ойындар т.с.с.) сипатындағы сұрақтар қабылданбайды.
Рефераттар, шығармалар т.с.с. дайындау тек соңғы кезекте қарастырылады.
Жаңылыс сұрақтар болса оны алып тастауға және сәйкес келетін басқа бөлімге орналастыруға құқығымыз бар.