Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ОТБАСЫ-БАҚЫТ МЕКЕНІ» КІТАПХАНАЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

   Бүгін кітапханада «Отбасы-бақыт мекені» кітапханалық жоба аясында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды.

   Акцияға  «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының аға инспекторы, полиция майоры Мусаева Анар Бекзатқызы, инспектор, полиция капитаны  Абдразакова Эльмирахан Тұрғынбайқызы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық  кеңес беру кабинетінің психолог маманы Арайлым Қадыр, ардагер ұстаз Ахметжанова Камилаш Қостүтінқызы, «AR-AI» газетінің тілшісі Құралай Сейсенбекқызы қатысып, зорлық-зомбылықты жою және оның алдын алу, жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы да жан-жақты түсіндіріп, қажетті мәліметтермен бөлісті.

Яндекс.Метрика