Бүгін кітапханада «Отбасы-бақыт мекені» кітапханалық жоба аясында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды.
Акцияға «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының аға инспекторы, полиция майоры Мусаева Анар Бекзатқызы, инспектор, полиция капитаны Абдразакова Эльмирахан Тұрғынбайқызы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинетінің психолог маманы Арайлым Қадыр, ардагер ұстаз Ахметжанова Камилаш Қостүтінқызы, «AR-AI» газетінің тілшісі Құралай Сейсенбекқызы қатысып, зорлық-зомбылықты жою және оның алдын алу, жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы да жан-жақты түсіндіріп, қажетті мәліметтермен бөлісті.