Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Кітапхана және оқырман: атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында Эльмира Елеусізқызы кітапхананың қызметі, оқырмандарға көрсетілген қызметтердің сапасы, өткізілген іс-шаралар мен жобаларға тоқталып, сондай-ақ кітапхана саласында алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлар мен бастамаларды таныстырды.
