Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«КІТАПХАНА ЖӘНЕ ОҚЫРМАН: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Кітапхана және оқырман: атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама барысында Эльмира Елеусізқызы кітапхананың қызметі, оқырмандарға көрсетілген қызметтердің сапасы, өткізілген іс-шаралар мен жобаларға тоқталып, сондай-ақ кітапхана саласында алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлар мен бастамаларды таныстырды.

 

     

Яндекс.Метрика