Кітапханада «Латынға көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде филология ғылымдарының кондидаты, доцент А.Байымбетова «Қазақстанның келешектегі латын жазуы» жайында баяндама жасаса, қазақ филология кафедрасының аға оқытушысы К.Қазақбаева «Латынға көшу - заман талабы» тақырыбында ой қозғады. Ал факультет білімгері Ғ.Абылай «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің болашағы» тақырыбында ойын жеткізді. Жиын соңы өзара пікір алмасуға ұласты.