Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек мекемелерді аралау барысында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына келіп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған коворкинг, бродкастинг, релакс аймақтарын аралады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және оқырмандардың жауапкершілігін арттыру мақсатында құрылған «Парасат жолы» орталығы мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында ашылған «Ашық кітапхана – адал оқырман» залдарымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасарына кітапхана директоры атқарылып жатқан жұмыстар мен кітапхана жобалары туралы ақпарат беріп өтті.