Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Ұлан» бастауыш партия ұйымының есеп беру жиналысына қатысты

   Бүгін  «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Ынтықбайұлының қатысуымен «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалына қарасты «Ұлан» бастауыш партия ұйымының 2018-2021 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары бойынша онлайн-офлайн форматта партияның есеп-беру жиналысы өтті.

   «Ұлан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Эльмира Елеусізқызы партиялық жобалар бойынша және пандемия барысында атқарылған жұмыстары жайында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

   Партия мүшелері тарапынан «Ұлан» бастауыш партия ұйымының атқарылған және алда атқаратын жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген баға берілді.

   Сондай-ақ жиында  бастауыш партия ұйымның Бюросын сайлау және «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының XXXI есеп беру конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.

Яндекс.Метрика