Кітапхананың оқу залы секторында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Мәңгілік ел – біртұтас Алаш идеясы» атты дөңгелек үстел Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Бауыржантану ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Ә.Найзабаев және «Білім» кәсіби гуманитарлық техникалық колледжі білімгерлерінің қатысуымен өтті. Мақсаты: Алаш қозғалысы туралы жан-жақты түсіндіре отырып, ХХ ғасырдың басында қалыптасқан Алаш қозғалысы мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан арасындағы тарихи сабақтастық пен идеяларындағы үндестікті насихаттау. Іс-шарада Ә.Найзабаев 1905-1917 жылдарды қамтитын «Алаш» қозғалысының шеңберіне кіретін Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің қалыптасуына атсалысқан Алаш қайраткерлерінің басым көпшілігі жоғары деңгейде білім алған зиялы азаматтар екендігін, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің еуропалық бөлігі мен Қазан, Омбы қалаларында және Еуропа ЖОО-ында білім алған Алаш қайраткерлері қазақ халқының мемлекеттік құрылымын жасақтауға айрықша лайықты тұлғалар болғандығы жайлы айтып берді.