Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Бірлік пен бейбітшілік-біздің ортақ мүддеміз!

  Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай достық пен бірлікті нығайту, келісімді, халықаралық қоғамдастықты, бейбітшілікті, жалпы адамзаттық құндылықты арттыру мақсатында «Бірлік пен бейбітшілік-біздің ортақ мүддеміз!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрмеге қойылған Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі», «Қазақстан және әлем елдері», «Қазақстан халқы Ассамблеясы-Ел тарихында», «Достық аясы кең» және басқа да кітаптар жоғарғы оқу орындарының студенттері мен кітапхана оқырмандарына таныстырылды.

   Сондай-ақ халықтар арасындағы бірлік, берік ынтымақ, ұлттар мен ұлыстар арасындағы   сыйластықты және қазақ даласының айшықты бейнесін өз шығармаларына арқау еткен Г.Бельгер, Р.Ғамзатов, Ш. Айтматов, П.Васильев сынды қаламгерлердің шығармаларын кітапханамыздың кітап қорынан оқи аласыздар.

Яндекс.Метрика