Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Дәстүрлі ән өнері – ұлттың болмысы»

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың әлеуметтік желі парақшаларында «Тағдырыма әсер еткен кітап» жалпыреспубликалық челленджі аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет ісінің үздігі, дәстүрлі және эстрадалық әнші Айгүл Мақашеваның қатысуымен «Дәстүрлі ән өнері – ұлттың болмысы» тақырыбында онлайн кездесу кеші өтті.

   Сұқбат барысында дәстүрлі ән өнерін насихаттап халық әндерін нақышына келтіре орындап жүрген Айгүл Мақашеваға онлайн оқырмандар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, әншінің репертуары, қәзіргі қазақ қоғамындағы дәстүрлі ән өнерінің алатын орны жайында т.б. сұрақтар қойылды. Онлайн кездесу кешінің қонағы әннен шашу шашып, жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың «Угәй-ай» әнін нақышына келтіре орындап, әнші өзі оқыған кітаптармен бөлісіп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

 

Яндекс.Метрика