Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Қазақстан - татулық пен келісім мекені

   «Парасат жолы» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттыру мақсатында «Қазақстан - татулық пен келісім мекені»  атты фестиваль ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

   Фестивальға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажібаев, түрік ұлтының өкілі, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының түрік тілі мұғалімі Мехмет Ачикгоз мырза, Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоцациясының Жамбыл облысындағы Республикалық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алиев Сартиф Исманалиевич, Тараз қалалық өзбек этно-мәдени орталығының  төрағасы Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич, Жастар ұйымының жетекшісі   Досмухамедов Азиз Авозович, Жамбыл облыстық татар-башқұрт мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Халико Амир Шавкатович, жоғары оқу орнының білімгерлері Әбдірей Мұстафа Жараспай, Тюрина Ирина Ивановна, Анастасия Василенко, Гаражаев Бегенч Мухаммед қатысты. Қонақтар қазақстандықтарды бірлік, достық мерекесімен құттықтап, ұрпағының осында туып, осы жерде өркендеп келе жатқанын, олар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналғанын айтып, бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт пен ұлысты біріктіріп, бейбіт өмір сүріп жатқан қазақ еліне алғыстарын білдірді.  

   Одан әрі халық арасында кеңінен танылған «Атамекен», «Ақкөгершін», «Жаса Қазақстан»  әндері шырқалып, бірлік, достыққа байланысты өлеңдер оқылды. Жас ұрпақты парасаттылыққа, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа бағыттайтын игі іс-шара аудандарда да жалғасын тапты.

   Халқымыздың достығы мен өзара  түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да  ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Яндекс.Метрика