Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Кітапхана қызметкерлері вирусқа қарсы вакцина салдырды.

   Жер-жаһанды жұдырығында ұстап тұрған COVID-19 індетінен келетін қауіп әлі де азайған жоқ. Алайда әлемде вирустан сақтануға көмектесетін бірнеше вакциналар ойлап табылды. Қазіргі таңда олар өзінің тиімділігін көрсетіп, екпеге деген сенім халық арасында артып келеді. Осы тұрғыда, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері көпке үлгі көрсетіп, алғашқылардың бірі болып, вакцина салдырды.

   Кітапхана қызметкерлері әрдайым көпшілік қауым, ел азаматтармен тікелей жұмыс жасағайды. Қызметкерлердің күнделікті жұмысқа сырттан келіп, еңбек етіп жүргендіктен кітапхана қызметкерлері мен оқырмандардың арнайы контигент арасында жұқпалы індетті жұқтырмау мақсатында, мекеме аумағына кірер алдында дене қызулары өлшеніп, қолдарын залалсыздандырып, арнайы бетпердемен кіруі қатаң қадағаланады. Дегенмен, аурудан толықтай сақтану үшін вакцина салдырудың маңызы зор.

   Сондықтан кітапхана қызметкерлері бірауыздан екпе салдыртуға шешім қабылдады. Алдымен медицина қызметкерлерінің екпенің егу әдістері мен екпе салынғаннан кейінгі күтім мен сақтық шаралары жайлы айтып түсіндіргеннен кейін кітапхана директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы бастаған кітапхана қызметкерлері «Спутник V» вакцинасын салдырды. Екпе салдырған қызметкерлердің қазіргі уақыттағы денсаулық жағдайлары бірқалыпты. Өздерін жайлы сезініп, қызметтік міндеттерін орындауда.

 

Яндекс.Метрика