Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Өзге ұлт өкілдері кітапханадаі

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өзге ұлт өкілдері: түрік ұлтының өкілі, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының түрік тілі мұғалімі Мехмет Ачикгоз, Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоцациясының Жамбыл облысындағы Республикалық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алиев Сартиф Исманалиевич, Тараз қалалық өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич, Жастар ұйымының жетекшісі Досмухамедов Азиз Авозович, Жамбыл облыстық татар-башқұрт мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Халико Амир Шавкатович қонақта болып, кітапхана бөлімдерінің жұмысымен танысып, экскурсия жасады. Сондай-ақ, кітапхананың атқаратын қызметі, кітап көрмелері, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған орталықтар, цифрландыру жұмыстары туралы көптеген ақпарат ала алды.

Яндекс.Метрика