Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жеңіс – салтанат, сән-сәулет...

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 9 мамыр - Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері, Т.Рысқұлов ауданының Құрметті азаматы Шалданбай Шанбаевпен «Жеңіс – салтанат, сән-сәулет...» әдеби мемориал ұйымдастырды.

    Әдеби мемориал барысында 98 жасқа жеткен ардагер отты жылдардағы ерліктері мен қайсарлығы туралы естеліктерімен бөлісіп, естен кетпес күндердің көлеңкесі әлі күнге көз алдында сақталып қалғандығын жеткізді.

    Одан әрі қарт жауынгер онлайн оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, соғысқа аттанған жылдан бастап, сын сағатта тұрған сәттері, майдан шеңберіндегі ерліктері туралы әңгімеледі.

    Шалданбай Шанбаев Меркі аудандық әскери комисариатынан 1924 жылдың 15 тамызында әскерге аттанған. Соғыстың соңына дейін ішкі істер әскерлерінің 227 полкі құрамында майданда болып, соғыс біткен соң да әскер қатарында қалдырылып, 1949 жылы елге оралады.

    Ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Маршал Жуков» және мерекелік медалімен марапатталған.

    Елге оралған соң трактор бригадасының бригадирі, санақшы болып жұмыс жасаған. 1959-1984 жылдары аралығында зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жаңатұрмыс» колхозында есепші, бас есепшінің көмекшісі қызметтерін атқарған.

    Айта кету керек, ресми деректерге сүйенсек, сұрапыл соғыс жылдары облысымыздан 70 мыңға жуық әскер майданға аттанған болатын, оның ішінде 36 жауынгер ерлікпен қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткендердің қатарына кірген.

 

 

Яндекс.Метрика