Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы

  Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Парасат жолы» жобасы аясында жыл басынан бері дәстүрлі түрде өтіп жатқан «Жұмадағы кездесулердің» кезекті отырысы «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» ұлттық бірегейлік сағаты форматында өтті.

   Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қ.Төлендиев, Тараз қаласындағы №29 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Ишмуратов Бауыржан және осы мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

   Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы көптеген қызықты мағлұмат беріліп, рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екендігі туралы айтылды. Кітапхананың жас оқырмандары Шәріпхан Аяулым, Жамаш Гаухар, Өмірзақова Ұлбала, Баянбек Ақниет Елтаңба, Әнұран, Ту туралы қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.

Яндекс.Метрика