Халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі - ән өнері, әншілік дәстүр. Данышпан Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деген өлең жолдары қазақ өнерінің бар болмысын айқын көрсетеді. Қазақтың аса бай ән өнерін дамытуға Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Әсет, Естай бастаған әнші-сазгерлер өлшеусіз үлес қосты. Тамаша дәстүрлі ән өнерінің шоқтығын биіктетіп дамытушы, өнерпаз, әнші-сазгерлердің орны ерекше.
«Өнерлі елдің оты сөнбес», «Ел іші - өнер кеніші», - деген дана халқымыз. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы халық мәнерінде ән айтудың майталманы, ҚР Мәдениет ісінің үздігі, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының әншісі Оңал Азаматованың қатысуымен «Ән - халықтың ажары» тақырыбында онлайн кездесу кешін ұйымдастырды. Сұхбаттасу барысында 30 жылдан аса уақыт өнер жолында аянбай еңбек етіп, қалың көпшіліктің жүрегінен жол тапқан талант иесі өзінің туған жері, ұстаздары, жүлделі орындар иеленген байқаулар жайында сөз қозғап, қазақ халқының әнін, қырғыздың «Сарыой» әнін нақышына келтіре орындады. Онлайн оқырмандар тарапынан қойылған өмірлік ұстаным, ұрпақ тірбиесі, оқыған кітаптары жайында айта отырып, өзіне айтылған сынға жақсы қарайтынын, керісінше шыңдала түсетіні жайында айтып өтті. Сонымен қатар өз маманының шебері болу үшін әрдайым шыңдалу қажеттігін айта отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.