Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

"Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!"

     Кең байтақ даламыздың сан қилы тарихына көз жүгіртсек, азаттық туы көк аспанымызда желбірегенше, қаншама теңдік күресі жүргізілді. Солардың ішінде тарих бетінен ойып тұрып орын алған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске биыл 105 жыл. Бұл көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Осыған орай ұлт-азаттық көтерілістің қазақ тарихында алатын орнын ашып көрсету, жастардың бойында ұлтжандылық пен патриотизімді қалыптастыру мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Парасат жолы жобасы аясында "Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!" тақырыбында әдеби мұражай ұйымдастырды. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы, халықтың сана-сезімін ояту, мемлекеттік идеясын жандандыру əрекеттері, оның бостандығы мен тəуелсіздігі үшін күресуге бел бууы туралы көтерілістің ұлттық сипатын, тарихи маңызын сипаттайтын, ұлттық интеллигенцияның жəне тарихи тұлғалардың ролін баяндайтын ақпарат беріліп, Парасат колледжінің филология және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының тарих пәнінің мұғалімі Жадыра Қыдырәліқызы өткенге шолу жасап, тарихи сәттерге тоқталып өтті. Кеште оқырмандардың патриоттық сезімдерін оятып, қазақ ақындарының «Тәуелсіздік», «Қазақ елі» сынды өлең шумақтарын Н.Керімбай атындағы және №30 мектеп-гимназияларының оқушылары нақышына келтіре оқыды.

Яндекс.Метрика