Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында Ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін салған, қазақтың заманауи, демократиялық мазмұндағы тұңғыш үкіметі – «Алашорданың» көшбасшысы болған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Маусым жарлығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті.
Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалды. Соның бірі – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.
Қазақ тарихындағы ұлт басына төнген нәубет, зобалаң жылдарда жеке мүддеден ұлт мүддесін артық қойып, елінің тәуелсіздігі жолына өмірін арнаған Әлихан Бөкейхановтың тарихи ерлігінен бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс. Сондықтан да Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығында Алаш көсемінің тарихи ерліктерін атап өту, оны кейінгі ұрпаққа паш ету бүгінгі ұрпақтың басты міндеті болмақ.