Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Бабалар сөзі – ұрпақ игілігіне» әдеби компас

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен «Бабалар ісі - өнеге, сөзі - өсиет» атты мақсатты кітапханалық бағдарламасы аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Бабалар сөзі – ұрпақ игілігіне» атты әдеби компас өтті. Мақсаты: «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлерді оқырмандар назарына ұсынып, тереңінен насихаттау.

    Іс-шара барысында кітапханашылар  "Бабалар сөзі" басылымның жарыққа шығуы халықтың рухани мәдениетінің толыққанды сипатын танытуға, қазақтардың өткені мен бүгінін дәл, жүйелі тұтастықта қабылдауға, сондай-ақ, өзіндік ерекшелігі бар қазақ мәдениетінің әлемдік рухани-интеллектуалды, көркем және ғылыми процесс интеграциясына енуіне мүмкіндік беретіндігін, әр топтаманың өзіндік мәні  бар екендігі туралы айтты. Кітап  көрмесінде «Бабалар сөзі» сериясының «Тарихи жырлар», «Ғашықтық дастандар» және т.б. томдары ұсынылды.

Яндекс.Метрика