Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Дін – тәрбие діңгегі» дінтану сағаты

        Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен 18 қазан - Рухани келісім күніне орай кітапханада жарияланған «Дініңді сақта, салтыңды сатпа, сенімді ақта,  ел болашағы – жастар!» айлығы аясында Тараз қалалық орталық мешітінің имамы Ержан мырза мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университеті  білімгерлерінің қатысуымен «Дін – тәрбие діңгегі» дінтану сағаты өтті.

    Іс-шараның мақсаты: оқырмандардың ислам діні мен имандылық туралы түсініктерін кеңейту, діни тәрбие берумен қатар бір, олардың ойлау қабілеттерін шыңдау, жастарды тазалыққа, адалдыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, ізгілікке, адамгершілік және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

    Тараз қалалық орталық мешітінің имамы Ержан мырза білімгерлердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Яндекс.Метрика