Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Бөкей Ордасындағы көтерілістің салдары және тарихи маңызы

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «ALEM» кәсіби білім беру колледжімен бірлесіп, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісіне 185 жыл толуына орай «Бөкей Ордасындағы көтерілістің салдары және тарихи маңызы» тақырыбындағы тарихшылармен сұхбат кешін ұйымдастырды

   Кешке М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының жетекшісі Сейдахан Бақтыоразов және аға оқытушы, тарих магистрі Ақнұр Көбесова қатысты.

   Іс-шараға қатысқан тарихшылар 1836–1838 жылдардағы аса iрi ұлт-азаттық көтерiлiстер, отаршылдық қысымынан туындаған жердiң жетiспеушiлiгi, Бөкей ордасы тарихының маңызды рөлі, көтерiлісті бастаған белгiлi батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемiсұлының ерліктері туралы баяндама жасап, оқырмандарды тарихымызды тереңнен зерттеуге шақырды.

   Одан әрі қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілістің маңыздылығы туралы қолжетімді ақпараттармен бөлісті.

 

Яндекс.Метрика