Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты "Шөлдала" мен "Жасөркен" шекара бөлімшелерінде шекара арқылы заңсыз әрекеттерге барынша тосқауыл қою жөнінде ауқымды іс атқарып жүрген әскери қызметшілердің кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында "Тәуелсіз ел - мәңгілік ел" және Тараз қаласы күніне орай "Тараз - Ұлы Жібек жолының інжу-маржаны" тақырыптарында әдеби кеш өткізді. Іс - шара барысында Тәуелсіз Қазақстан, Тараз қаласы жайында мол мағлұматтар берілді. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері "Қазақтай ел қайда?..", "Алға қазақ жігіттері", "Қазақстаным алға" т.б. әндерін орындап, шекарашыларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Әскери қызметкерлерге кітап көрмесі ұсынылды. Кеш соңында Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбие, идеология бөлімінің офицері майор Нұрлыбаев Ермұхан Біржанұлы кітапхана қызметкерлеріне шекарашылар атынан алғыс білдіріп алғыс хатпен марапаттады.