Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып «Латын әліпбиі - келешектің кілті» тақырыбында ой талқы іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшу - үлкен стратегиялық маңызға ие, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайтын қадам және елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі екендігі ерекше айтылды. Ой-талқыға арнайы шақырылған ТарМПИ филология ғылымының кандидаты, доцент А.Қарымбаева, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Дулаттану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор С.Құлбарақ латын әліпбиіне қатысты ойларын айтты. Сонымен бірге қонақтар білімгерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.