Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының орынбасары А.Асқарбеков, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы А.Қайназарова, ТИГУ-нің Түркітану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, ф.ғ. докторы, профессор Қ.К.Малгаздаров, ТарМПИ доценті, ф.ғ. кандидаты Г.М.Қарынбаева, Мемлекеттік тілді дамыту орталығының аға оқу әдіскері А.Ж.Алишева және қалалық орта мектептері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Үстел басына жиналғандар латын қарпіне біртіндеп көшудің негізгі сұрақтары мен мәселелерін қызу талқылап, болашағы мен басымдықтарын анықтауға тырысты.