Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап инсталляциясы

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ халқының ұлы ақыны, жырау, жыршы, ХХ ғасырдың гомері атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында Тараз төрінде өтіп жатқан Халықаралық конференциясында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап инсталляциясын ұйымдастырды. Көрмеде абыз жыраудың рухани бай мұрасы, өмірбаяны мен шығармашылығы жайында мәліметтер, ақынның жыр жинақтары, сирек кездесетін кітаптары мен дастандары және әр жылдары жарық көрген шығармалары ұсынылды. Атап айтар болсақ «Жамбыл энцклопедия» кітабы, ағымдағы жылы ақынның 175 жылдығына орай жарыққа шыққан 10 томдық шығармалар жинағы және Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тіліне (ағылшын, француз, испан, орыс, араб және қытай) аударылып, жарық көрген ақын мұрасын зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың «Ұлы дала ақыны» еңбегі қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды.

 
 
 
 
 
 
 
Яндекс.Метрика