Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Қос өңірдің өнерпаздары онлайн кітапханалық көпірде бас қосты

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдағы аясында өңір мәдениетіндегі жетістіктерін көрсету, оқырмандар арасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, өңір тұрғындарын Қазақстан кітапханалары жайлы қызық деректермен таныстыру, кітапханалар арасындағы байланысты нығайту, жас ұрпаққа асыл қазыналарымызды жас буынға жеткізуші алтын көпір – кітап пен кітапханалар, ал кітапхана – рухани құндылық, теңдессіз байлық, өйткені өткен заман өрнектеріндей тарихты, әдебиет пен басқа да ғылым кереметтерін кітап қорларынан табуға болатынын жеткізу, білімнің бастауы – кітап болғандықтан, кітапханашылар кітап мәртебесін көтерумен бірге, елімізде болып жатқан әрбір оқиғалардың насихатшысы екендігін көрсету мақсатында «Ақмола- Әулиеата: жаңғырған тарих, жаңарған кітапхана» онлайн кітапханалық көпір ұйымдастырды.

   Кітапханалық көпірге қос өңірден шыққан зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, ақын, жазушылар, өнер майталмандары қатысып, өңір тарихынан сыр шертіп, жауһар жырлардан шашу шашты. Оның ішінде Жамбыл өңірінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асанов, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сейсекүл Исматова, ақын, журналист, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, «Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының» директоры, археолог, тарихшы Сауран Қалиев, айтыскер ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Есет Досалы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-журналист, Жамбыл облыстық «АРАЙ» газетінің «Мәдениет және өнер» бөлімінің редакторы Нұржан Қадірәлі, сазгер, әнші, Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров, Қазақстан Республикасы Мәдениет ісінің үздігі, дәстүрлі және эстрадалық әнші Айгүл Мақашевалар қатысты.

   Одан әрі қатысушылар Тараз мұралары көптомдықтың бүгінгі күнге дейін жарыққа шыққан 110 томының кітап көрмесі мен жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарынан құрылған «Өткені – өнеге, бүгіні бекем, болашағы жарқын Жамбыл облысы» кітап инсталляциясымен танысты.

   Тамыры терең, тарихы тұнық өңірлердің арасын кітапханалық көпір арқылы жалғап, әсем әнмен әуелеткен тағылымға толы кештің оқырманға берер өнегесі мол.


 
 
 
 
 
 
 
Яндекс.Метрика