Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  мыңжылдықтардың мұратымен үндесіп, өзінің өрелі ғұмырында талай-талай тарихи тасқындар мен дауылды ғасырларды бастан өткерген, адамзат өркениетінің елең-алаңымен астарласқан аяулы алтын бесігі саналған Тараз қаласындағы «Құмшағал» мөлтек ауданының жас тұрғындарына арнап,  «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» әдеби думан кешін ұйымдастырды.

    Әдеби думан кешінде  ұйымдастырушылар  ел тәуелсіздігіне арналған жергілікті ақын жырларын жатқа оқып, «Сәлем саған, Туған ел!», «Алға, Қазақстан!», «Қазақтай ел қайда?!», «Атамекен», «Жаса, Қазақстан!» атты патриоттық әндерін әуелете шырқады.

    Сондай-ақ, Желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан желі» әнін кеш қонағы, әннің авторы, желтоқсан оқиғасының куәгері, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері Әбиірбек Тінәлиев  орындап, тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсірді.

    Ән мен жырға толы игі іс-шара «Құмшағал» мөлтек ауданының жасөспірімдеріне керемет көңіл-күй сыйлады.

Яндекс.Метрика