Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында Жамбыл облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағдылармен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру аясындағы кітапханалар міндеті» тақырыбында облыстық, аудандық кітапханалар қызметкерлерінің қатысуымен облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шараға онлайн жүйесінде өңірдің 10 аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері, ауыл кітапханашылары қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Құттыбаева Жадра Нұржанқызы құттықтау сөзбен ашқан семинар барысында қоғамның мәдени дамуының формацияларына негізделген кітапхана қызметі аясында кітапханашылар ой бөлісіп, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының психологиялық ойындарды өткізу тренерлері, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, асс/профессор Тойганбекова Шынар Малимбайқызы мен аталмыш оқу орнының аға оқытушысы Джаксылыкова Үміт Сауқымбекқызы «Кәсіби шеберлікті шыңдау жолы» тақырыбында арнайы тренинг өткізді.