Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Кітапхана қызметкерлері өлкелік туризм жобасы аясында Талас ауданына барды

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы бастаған бір топ кітапхана қызметкерлері қарт Қаратаудың қойнауында көне тарихтың көзіндей болған «Тамды» әулие бұлағына барып, киелі жердің тарихымен таныса отырып, қасиетті бұлақтың суынан дәм татты.

   Өлкелік туризм жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері келесі бағытты Талас аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнады.

   Музей қызметкерлері әріптестерімізге Қазақстан аумағын ежелгі дәуірден орта ғасырларға дейінгі кезеңде мекендеген тайпалардың тарихын, экономикасын, діни көзқарасын, қолөнерін, архитектурасын көрсететін археологиялық топтамасымен қатар тас ғасыры, қола дәуірі, ерте темір және орта ғасыр дәуірлерін қамтитын хронологиялық және тақырыптық тәртіппен орналастырылған экспонаттармен таныстырды.

   Өлкелік туризм жобасының екінші бөлігінде кітапхана қызметкерлері Талас ауданындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай ашылған мұражайдың жұмысымен танысты.

   Сондай-ақ заманауи үлгіде бой түзеп, әсемдегімен сән беріп, өскелең ұрпаққа берер бағыты мол мұражайдың басшысы Рашит Сейдалиев Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызын «Д.А.Қонаев 110 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

   Өлкелік туризм жобасы аясындағы іс-шара шымылдығы Қаратау қаласындағы Ұлбике ақын атындағы Мәдениет үйінің фойесінде Сарысу аудандық орталық кітапханасы ұйымдастырлған Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің өрнекті өмірі мен өнегелі өнерінен құралған «Ғұмыр Дария» атты кітап инсталляциясы, кітап экспозициясынан  бастау алып, аудандық кітапхана қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы әріптестеріне көрмеге  ұсынылған әдебиеттерді таныстырды.

Яндекс.Метрика