Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Оқырмандармен жұмыс барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын оқырмандарға түсіндірудің жаңа әдістері мен белсенді қағидалары» аймақтық семинар тренинг

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2017 жылдың 09-10 қараша күндері Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, өңір кітапханашыларын жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыт алып, машықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында «Оқырмандармен жұмыс барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын түсіндірудің жаңа әдістері мен белсенді қағидалары» тақырыбында екі күндік аймақтық семинар тренинг ұйымдастырды.

    Семинар тренингтің мақсаты - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында Жамбыл облысының мемлекеттік  кітапханалар жүйесі мамандарының міндеттерін айшықтау, кәсіби дағдылармен алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту болды.

    Бағдарламаға сәйкес Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Талас, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлерінің Жамбыл ауданында, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарының кітапханашылары Меркі ауданы, Ақарал ауылдық мәдениет үйінде жиналды.

    Жамбыл ауданында өткен семинардың бірінші жұмыс күні жақында ғана ашылған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі web-сайтының тұсаукесерінен бастау алды. Ал екінші күні қатысушылар Меркі ауданы Ақарал ауылдық кітапханасы жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

    Екі күндік жұмыс барысында кітапхана саласының мамандары өздерінің Елбасы ұсынған рухани жаңғыру идеясын жүзеге асырылуына белсене атсалысу, Мемлекет басшысы мақаласының негізгі бағыттары аясында міндеттерін айшықтау, қызметтерінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгерумен қатар аталмыш мақаланың негізгі бағыттарын оқырмандарға түсіндірудің жаңа әдістері мен белсенді қағидаларын игеру мәселелерін талқылап, арнайы шақырылған «Өрлеу» БАҰ БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының психологиялық ойындарды өткізу тренерлері, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Тойганбекова Шынар Малимбайқызы мен осы кафедраның аға оқытушысы Джаксылыкова Үміт Сауқымбекқызы ұсынған «Корпоративтік мәдениеттің элементтері мен нышандары» арнайы тренингке белсене қатысты.

Яндекс.Метрика