Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Қазақтың қара сөзінің қызыл жебесі» Шерхантану ғылыми-практикалық конференциясы

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесіп, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың қара сөзінің қызыл жебесі» Шерхантану ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

   Конференцияға арнайы шақырылған Қазақстан жазушылар мен журналистер одақтарының мүшесі, жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті, профессор, Қазақстан, Өзбекстан жазушылар, журналистер Одақтарының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Меңдібай Әбілұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушы профессорлық құрамынан – «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, филология және журналистика кафедрасының оқытушысы Әбдір Күлзия Әмірәліқызы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев, профессор, филология ғылымдарының докторы Көпбаева Меруерт Рахымбайқызы, ҚР журналистер Одағының мүшесі, осы университеттің филология және журналистика факультетінің аға оқытушысы, әдебиеттанушы Бақытжан Мақашев, облыстық «AQJOL» газетінің мәдениет және спорт бөлімінің жетекшісі Есет Досалы, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкері Абылай Ғалия қатысты.

   Қонақтар Шерхан Мұртазаның халқының басындағы аласапыран, алапат кезеңнің жауапкершілігін жіті сезініп, зіл батпан жүгін қара нардай көтеріп қана қоймай, шым-шытырық шатасқан өз заманының ой жібін шамасы жеткен жерге дейін таратып кетуге жасаған талпынысы, қаламгердің суреткерлік шеберлігінің ерекшелігі мен көлемді, күрделі шығармаларында алтын арқау болған туған жер табиғаты, ата-баба рухы, шығарманың негізгі сюжеті, яғни кейіпкерінің басынан өтіп жатқан оқиғалар тізбегінен тұратын үш желісі, қайраткер Шерханның ұлттық құндылықтар мен ұлттық мәселе жөнінде айтқан қазақтың интеллектуалдары арасынан дауысы ең жарқын шыққан бірден-бір тұлғалардың бірі ретінде қазақтың намысына қайрақ, жігеріне қамшы сала білген азамат екенін қатысушыларға жеткізуге тырысты.

   Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің журналистика мамандығының III-курс білімгерлері Осалы Саламат Ш.Мұртазаға арнау, Ақылбекова Айжан қаламгер шығармасынан монолог оқып, кітапхана қызметкерлері «Бір кем дүние» атты ой-толғауынан үзінділерді қатысушылар назарына ұсынды.

   Айта кету керек атамыш іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өтуіне М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Мамырханова Жәмила Темірғалиқызы және филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі Қарымбаева Күлзинат Мейрамбейқызы ұжым болып атсалысты.

 
 
 
 
Яндекс.Метрика