Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы заңғар жазушы, қоғам қайраткері, ғалым, ұстаз, драматург Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі..» атты Әуезов ғұмырнамасы – ғылыми-әдістемелік семнинарды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесіп өткізеді.
Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушы-профессорлық құрамынан: филология ғылымдарының кандидаты доцент Нусупова Әсима, филология және журналистика кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдір Күлзия, профессор, филология ғылымдарының докторы Көпбаева Меруерт және аталмыш оқу орнының студенттері Инаркеева Инара, Адилова Алина, Алиева Мереке, Назарбаев зияткерлік мектебі мен № 125 білім беру академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімдері Абилакимова Жанар және Ерлан Нұрланов қатысты.
Әуезов ғұмырнамасы – ғылыми-әдістемелік семинарда спикерлер жазушының өмірі мен еңбектерін айшықтайтын баяндамаларын кітапхана оқырмандары мен қатысушылары назарына ұсынып, көп жерде айтыла бермейтін деректі дәйектемелермен таныстырып, сондай-ақ, М. Әуезов туындылары мен өмір жолы жайлы ой-пікірімен бөлісіп, жазушы шығармаларындағы ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер, драматургия саласындағы рөлі жайында сөз қозғалып,іс-шара соңында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Еңілік-Кебек»пьесасынан үзінді көрініс көрсетті.