Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Өрісті тұлға, өнерпаз азамат»

   Республикалық және Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен   Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, техника ғылымдарының докторы, ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесінің төрағасы, 5 монография, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы, танымал ақын-сазгер Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтың «Жыр жолымен», «Қоршаса ойлар...», «Шақырса шабыт», «Белестерге жалғасып жыр жолдары...», «Мотивы вечности»  кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

     Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы,  «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің басшылық құрамы, ардагерлер ұйымының республикалық маңызы бар қалалары мен облыстық филиалдарының басшылары, Жамбыл облысының ардагерлер активі, БАҚ өкілдері қатысты.

   Тұсаукесер рәсімінде Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы, Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы, Болсамбеков Өмірзақ Қоспанұлы,  Бижанов Ақан Құсайынұлы  кітаптардың жібек лентасын кесіп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар басқа өңірлерден келген, ардагерлер құттықтау тілектерін жеткізді.

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары  Бақтықожа Ізмұхамбетовтың «Егемент елім отыз жасқа келдің», «Қуана біл» атты жыр шумақтарын тарту етіп, «Көңіл толқыны», «Достарға»  әндерін шырқады.  Кеш Мәдениет саласының үздігі, әнші Айгүл Мақашеваның орындауындағы «Жетісу» әнімен аяқталды.

Яндекс.Метрика