Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер құжаттама басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «КІТАПХАНАЛЫҚ ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ: КІТАПХАНА - АҚПАРАТ ӘЛЕМІНІҢ ПРОВАЙДЕРІ» атты облыстық форсайт сессиясына арнайы шақырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Бас директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің» меңгерушісі Барманашева Жаннат Абылқасымқызы Байзақ аудандық орталық кітапханасының жұмысымен танысты. Байзақ аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Қойнауына құт дарыған, бірлігі бекем Байзақ» көрме-галереясын тамашалап, облыстық форсайт сессиясының ашылу салтанатында алғашқы құттықтау сөз Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер құжаттама басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы мен Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дəулетов Дəуір Рысбайұлына беріліп, сессия қатысушыларын құттықтап, сәттілік тіледі. Аталмыш шарада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Бас директоры Ғазиза Құдайбергенқызы еліміздің мәдениет саласына және отандық кітапхана ісінің дамуына қосқан үлестері үшін кітапханашыларға алғыс хатпен марапаттап, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бастығының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тойганбекова Шынар Малимбайқызы «Цифрлы Қазақстан дәуіріндегі кітапханалық менеджмент» тақырыбындағы «Кейсстади» тренингін өткізді. Кеш соңында Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Байзағым – бақ мекенім» атты көрсетілім, «BOOKStory: КӨРЕМІЗ; ОҚИМЫЗ, ОЙЛАНАМЫЗ» үздік библиографиялық шолу жәрмеңкесін тамашалады.