Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Ұлттық сана мен тәрбиенің тілдегі көрінісі» пікір алмасу сағаты өтті.
Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Іс-шараға Тараз иновациялық-гуманитарлық университеті гуманитарлық әлеуметтік ғылымдары факультетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Молгаждаров Қасиет Какенұлы және аталмыш оқу орнының 4 курс білімгерлері қатысты. Іс-шара барысында оқырмандарға «сана дегеніміз не? оны қарастыратын салалар, сананың түрлері» мен тәрбиеге қатысты нақыл сөздер туралы кеңінен түсінік беріліп, осы мәселелер қызу талқыланды.
«Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» кітап көрмесіне шолу жасалынып, отырыс Ә.Тінәлиевтің «Ананың тілі - аяулы үні» әнімен аяқталды.