Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Бақытты балалық шақ» атты кітабының тұсаукесер рәсімі

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Баймаханбет Ахмет пен мәдениет саласының ардагері Малика Айданқызының  «Бақытты балалық шақ» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Аталмыш кітаптың тұсау кесер рәсіміне өңір әдебиетінің өкілдері, әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы, ҚЖО Жамбыл облыстық филиалының директоры, ақын Хамит Есаман шақырылып, қазақ қоғамының қазіргі келбетін көркем әдебиетте өрнектеген қаламгер туралы әсерлі әңгімелер мен қызықты естеліктерімен бөлісті.

   Сонымен қатар  кітапхананың кішкентай оқырмандары ақынның «Ойда жүрсін Отаның...», «Әкелер даңқы жолымен» өлеңдерін нақышына келтіре оқып, кітапхананың қызметкерлері «Өжет» хикаяты бойынша театрландырылған көріністі ұсынды. Іс-шара соңында жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, қонақтар өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.

Яндекс.Метрика