Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының «Түркістан облысына бес жыл - бес әдеби сапар» жобасы Тараз қаласындағы әдеби күндері жалғасын тауып, «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені аймағындағы Көрме залында Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдері, Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары түркістандықтардың өлкетану инсталяциялық «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» көрмесімен танысып, көрме залдың сахна төрінде К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әртістері Түркістан облысынан келген қонақтарға «Таразым, қандай тамаша!» концерттік бағдарламасын ұсынды. Ал алғашқы болып түркістандық қонақтарды көрме залының фойесінде Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжінің домбрашылар оркестрі қарсы алды.
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы жарқын Жамбыл облысы» тақырыбындағы кітап инсталляциясымен де қонақтар танысу мүмкіндігіне ие болды.
Қонақтарға Жамбыл облысының атынан ақыны өз Арнауын арнап, іс-шараның шымылдығын Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысының орынбасары Қонысбаев Әділ Нұржанұлы мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанкулов Әбірхан Әбірбекұлы құттықтау сөздерімен ашып, әрі қарай Түркістаннан келген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан композиторлар мен Журналистер одақтарының мүшесі. ғалым, журналист. Филология ғылымдарының кандидаты, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Бекжігіт Сердәлі және Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудармашы Абай Қалшабекпен кездесу кеші өтті.
Модератор - Қазақстан Жазушылар Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым.
Сонымен қатар, Түркістан облысында жолға қойылған «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында Жамбыл өңірінің кітапханашылары Түркістан облысының ауылдық кітапханаларының кітап қорларына 1000 мың дана кітап сыйлады.