Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Сенім шындығы-рухани келісім» атты дөңгелек үстел

    Кітапханада 18 қазан – ҚР Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» рухани келісім айы аясында «Сенім шындығы-рухани келісім» атты дөңгелек үстел өтті.

   Аталмыш іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ «Ғылыми-сараптамалық қолдау» бөлімінің жетекші сарапшысы Жазира Шілдебаева және Тараз политехникалық колледждің 1 курс студенттері қатысты. Кеш қонақтары Сенім – адамға жігер беретін, болашаққа ұмтылдыратын үміттен басталатын құбылыс екенін түсінді. Рухани келісім - біздің ұлтымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік секілді қасиеттерден құрылатыны туралы әңгіме өрбіді.

Яндекс.Метрика