Кітапханада қазақ - өмірін өлең – жырмен, ән-күймен өрген ән серісі эстрада жанрының үздігі, лирик композитор Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әсет Бейсеуовтің 85 жылдығына орай «Бәрімізде жазылмаған дастан едік...» сазды әуен кеші өтті.
К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері Бақыт Шағырбаев, Жанатбек Қадіров пен Жазира Сметова, және кітапхана қызметкері Салтанат Рахымжанованың орындауындағы композитордың «Сырласу вальсі», «Көз көргендер», «Шақырады көктем», «Жақсы көру» әндерінен әсер алған қатысушылар, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық пен «Астана» көпсалалы колледждерінің білімгерлері Әсет Бейсеуовтің «Алтыным» әнін шырқады.