Кітапхананың ұйымдастырумен 18 қазан - ҚР Рухани келісім күні қарсаңында "Әлем кәсіби білім беру" колледжінде Антон Макаренка атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусева Салтанат Жұмабекқызының қатысуымен «Рухани келісім-гүлдену жолы» руханият порталы өтті.
«Рухани келісім күні» еліміздің әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі. Бұл мереке 1992 жылдан бастап жыл сайын 18 қазан - Қазақстанда рухани келісім күні аталып өтеді.
Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Елімізде өмір сүретін этностардың ауыз бірлігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор.