Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 28-29 қараша күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өткен Елбасы туралы кітаптар авторларымен кездесу кеші және мәдениет басқармасының ұйымдастырумен «Баласағұн» концерттік залында өткен «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы» атты облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасы аясында «ҰЛЫ даланың ҰЛЫ перзенті!» тақырыбында көлемді кітап экспозициясын ұйымдастырды.
Елбасының еңбектері мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы жазған авторлар кітаптарынан құрылып, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітап қорындағы 1000 данаға жуық басылымдармен қамтылған экспозиция «Тәуелсіздік туы астында» атты кітап инсталляциясы және «Елбасы. Ел бірлігі. Ел сенімі», «Ұлт мақтанышы – Елбасы», «Ерен Елбасы – кемел көшбасшысы», «Ел тірегі – Елбасы», «Елбасы әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз», «Елбасы: «Нұрлы жол», «Мәңгілік ел», «Елбасы – ел мақтанышы, ел тірегі» атты тараулардан жасақталды.