Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Кітапханалардың тиімділігін талдау: іске асырылған жоспарлардан жаңа идеяларға дейін» кітапханалық конвет

     Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер құжаттама басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханалардың тиімділігін талдау: іске асырылған жоспарлардан жаңа идеяларға дейін»  кітапханалық конветке арнайы шақырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Ғылым, менеджмент және маркетинг қызметінің жетекшісі Бекмұханбет Айбала Қанатбайқызы және кітапхана директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы бастаған облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық кітапханалар қызметкерлері Жуалы ауданында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдың кіре берісіндегі батырға арналған мемориал ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырдың рухына тағзым етті. Сондай-ақ Жуалы ауданы Талапты ауылындағы жазушы Шерхан Мұртазаның  әдеби-мемориалдық музейімен танысты.

   «Кітапханалардың тиімділігін талдау: іске асырылған жоспарлардан жаңа идеяларға дейін»  кітапханалық конвет барысында семинарға келген қонақтар Жуалы аудандық орталық кітапханасының жұмысымен танысып,  Жуалы аудандық мәдениет үйінің алаңында «Жерұйық мекені – Жуалы» этно-ауыл көрме-галлереясында салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Бесікке салу»,  «Тұсаукесер» көрсетілімдерін тамашалады.

     Соныменқатар Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы 24 қазан «Кітапханашылар» күнімен құттықтады. Сонымен қатар мереке қарсаңында бірқатар аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

    Әрі қарай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Ғылым, менеджмент және маркетинг қызметінің жетекшісі Бекмұханбет Айбала Қанатбайқызы Жуалы аудандық мәдениет үйінде «Кітап оқу – ұлт мәдениетінің бір бөлігі ретінде» ашық дәрісхана өткізді.

Яндекс.Метрика