Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы ежелден-ақ жергілікті жұрттың құтты қонысы болған, шежіреге, қат-қат дерек пен қилы-қилы аңызға толы киелі Шу өңірінде

    Кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы ежелден-ақ жергілікті жұрттың құтты қонысы болған, шежіреге, қат-қат дерек пен қилы-қилы аңызға толы киелі Шу өңірінде жалғасуда.

    Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Алға ауылдық кітапханасы өз оқырмандарын отаншылдық пен елжандылыққа, бірлік пен ынтымаққа жетелеп, болашаққа сеніммен қарап, тәуелсіз елін мақтан тұтуға баулу, егемендіктің мәнін ұғындыру, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында ұлттық мереке 25 қазан "Республика" күніне орай «Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстан» әдеби әуенді кеш өтті.

    Кеш шымылдығы "Ұлы дала тарихы" көрінісімен ашылды. Әрі қарай кітапхана оқырмандары патриоттық өлеңдер оқып, әуезді әндер шырқады.

 

Яндекс.Метрика