Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламаның «Туған жер - туған ел» базалық бағдары бойынша кітапхана қызметіне енгізілген «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер. Жамбылская область: люди, события, факты» және «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар. Краеведческие издания, полные истории и доблестного труда» жобалары аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы өңір тұрғындарын кеңінен ақпараттандыру мақсатында брифинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: өңір тұрғындарын кітапханада жасақталып жатқан электронды дерекқорлары мен олардың мүмкіндіктері мен ресурстары туралы кеңінен ақпараттандыру, осы дерекқорларда жинақталған мағлұматтардың электронды нұсқалары оқырмандарға өңір тарихы, мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуы, облыстан шыққан белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен батырлары туралы құнды ақпаратты сақтау, және оған жан-жақты әрі кең қолжетімділік қамтамасыз ететінін жеткізу болды.
Іс-шараға «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамның Жамбыл облыстық филиалы, облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай», Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газеттерінің өкілдері, өңірлік жобалар реестріне енгізілген кітапхананың «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер. Жамбылская область: люди, события, факты» және «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар. Краеведческие издания, полные истории и доблестного труда» жобалар аясында есепті жылы жүргізілген жұмыстарға сараптамалық бағасын беру мақсатта шақырылған мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет, кітапханада жинақталып жатқан электронды дерекқорлардың алғашқы пайдаланушылары - М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы, Тараз қаласы «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редактордың міндетін атқарушы Әбдиев Ерман Қалжанұлы, облыстық «Знамя труда» газеті әлеуметтік бөлімінің шолушысы Мельник Людмила Анатольевна, Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білімгерлері қатысты.
Брифинг спикері – Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы кітапхана жобалары кітап қорларын сақтау және қауіпсіздігі саласындағы жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, электронды немесе цифрлық коллекциялар жасау қызметінің басым бағыттарының бірі, және бұл жұмыс нәтижесінде кітапхана қорында сақтаулы өлкетану құжаттарына пайдаланушылардың қол жетімділігінің ұлғайуы негізінде қызмет көрсетудің тиімділігі мен жеделдігі арттырылып, Қазақстанның мәдени игіліктерінің бөлігі ретінде Тараз қаласы және Жамбыл облысындағы деректі мұралардың сақталуы қамтамасыз етілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, спикер кітапханалық жобаларды жүзеге асыру және оларды насихаттау жұмыстары жас ұрпақтың бойына туған жеріне деген сүйспеншілік сезімін арттыру, оларды өңірінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысуға баулу арқылы ұлтымыздың мәдени-генетикалық кодын сақтауға тікелей септік тигізетінін, бұл жұмыстардың мақсат-міндеттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер - туған ел» базалық бағдарының негізгі қағидалары мен Елбасы мақаласының бағытына тікелей сәйкес келетінін айтып өтті.
Жоба эксперті мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет мұрағаттанушы, журналист Мақұлбек Рысдәулет, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы, Тараз қаласы «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редактордың міндетін атқарушы Әбдиев Ерман Қалжанұлы, облыстық «Знамя труда» газеті әлеуметтік бөлімінің шолушысы Мельник Людмила Анатольевна кітапханашылардың жобалар аясындағы жұмыстары газеттің мұрағатын сақтауға, оны қорғауға мүмкіндік беретініндігі мен цифрлы форматтағы газет сандары ел тарихын зерттеушілер үшін өте тиімді болатынын айта келе, өздерінің оң бағаларын берді.