Кітапханада жазушы, ақын, аудармашы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың 105 жыл толуына орай «Ғасырдың жасампаз қаламгері» әдеби вернисаж өтті.
Аталмыш іс-шараға Тараз қаласы М.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші Давлетова Лаура Бақтиярқызымен дарынды балаларға арналған IT лицей-интернатының 7 сынып оқушылары қатысты.
Кеште қазақ көркемсөзін құлпыртып, мәйегін ұсынған талғампаз қаламгердің қазақтың болмыс-бітімін асқақтатып көрсеткен туындылары дәріптелді.