Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» кітап көрмесі

     16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» кітап көрмесін онлайн оқырмандар назарына ұсынады.

    1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік - тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Отыз жылдан астам уақыт ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады.

     Осы орайда оқырмандар назарына тәуелсіздік шежіресі жайында «ҚР Конституциясы», «ҚР Мемлекеттік Рәміздері», «Қазақстан Елтаңбасы», «Қазақтың Ата Заңдары», «Елтаным», «Ұлы Дала тарихы», «Желтоқсан жаңғырығы», «Желтоқсан көтерілісі», «Желтоқсан ызғары», М. Жолдасбеков «Тәуелсіздік шежіресі», С. Қирабаев «Тәуелсіздік рухымен», «Тәуелсіздік туымыз» атты кітаптар таныстырылды.

Яндекс.Метрика